Аймақтар
1 мин оқу 320

747 ауылға интернет келді

<p style="text-align: justify;">747 ауылға интернет келді.&nbsp;Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп жазады&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

"Мемлекеттік-жекешілік әріптестік" жобасы шеңберінде 20 мың километрден астам оптика тартылды және 1250 ауыл қамтылады. Интернет 747 ауылға келді. Қалған 503 ауыл - ағымдағы жылдың соңына дейін қосылады", деді Асқар Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, талшықты-оптикалық байланыс желісінің болуы ұялы байланыс операторларын ауылдарда өздерінің базалық станцияларын орнатуға және ауыл тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етуге ынталандырады.

"Осылайша, біз ұялы операторлармен Меморандумға және жоспар-кестеге қол қойдық, оның шеңберінде олар 250-ден астам адам тұратын барлық ауылдарға 3G/4G ұялы байланысын ұсынуға міндеттелді. Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылдың соңына дейін Кең жолақты қатынаумен ел халқының жалпы санының 99,3%-ы қамтылатын болады. Тұрғын саны 50 және одан да көп қалған ауылдарды кең жолақты қатынау қызметтерімен қамтамасыз ету 2022 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр",  деді министр.

Бөлісу:
747 ауылға интернет келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар