Аймақтар
1 мин оқу 340

Масаң күйде көлік айдаған азамат абақтыға қамалды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&ldquo;Участок&rdquo; жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі Керейтбаев көшесінің бойында &ldquo;Мазда-626&rdquo; автокөліктігін тоқтатады. Көлік руліндегі 52 жастағы &nbsp;тұрғынның машинаны ешқандай құжатсыз және мас күйінде басқарғаны анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz. </span></p>

Масаң күйде көлік айдаған азамат абақтыға қамалды

Тексеру барысында оның өткен жылы сот шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғандығы белгілі болды. Бірақ заңға бағынбаған азамат көлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарып, басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.    

Өз кезегінде полиция қызметкерлері оны наркологиялық орталыққа жеткізді. Сараптама қорытындысы оның орта дәрежедегі мас күйінде болғандығын көрсетті.

Тәртіп бұзушы дереу Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
Масаң күйде көлік айдаған азамат абақтыға қамалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар