Аймақтар
2 мин оқу 476

Қайнар судан қауіп бар

Қостанай қаласына Тобыл арқылы кіре берістұста бірнеше табиғи бұлақ көзі бар. Жергілікті жұрттың пайымында жердің астынан атқақтап шығып жатқан бұл қайнар бастаулардың суы ең таза әрі денсаулыққа шипасы мол деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан көптеген тұрғындар бірталай жылдан бері ауыз суды осы бұлақтардың басынан алып келеді. Алайда эколог мамандар қала маңындағы бірде-бір бұлақтың суы ішуге жарамайды деп дабыл қағуда.

Қайнар судан қауіп бар

Бұлақ суының денсаулыққа зиян­ды екені «Qostanai – adaldyq alany» жобалық кеңсесі мен экология департаменті зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің мамандары бірлесіп жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып отыр. Қайнар судың құрамында нитрат, фосфаттар мен ауыр металдардың шектен тыс көп мөлшері анықталған. Маман­дардың айтуынша, көктем және жаз маусымында судағы адам ағза­сына зиянды элементтер үш есе көбейеді екен. Мысалы, бір литр судағы амоний тұзының шекті мөлшері 45 мг-нан аспауы керек. Ал сарапшылар Қостанай маңындағы бұлақ суларында бұл көрсеткіш 145 мг-нан асып кеткенін айтады.

– Бұл су сапасының төмендігін және оның мүлдем ішуге жарамайтынын білдіреді. Біз жүргізген талдаулар су құрамында ауыр ме­­­тал­­­дар мен аммонилі топ эле­мент­­­терінің мөлшерден тыс көп еке­­нін көрсетіп отыр. Қарапайым ха­лыққа түсінікті тілмен айтатын болсақ, бұлақ суының құрамында шаруашылыққа пайдаланылатын химиялық қалдық көп. Оған қа­ла көшелерінде жаңбыр суы ағып ке­тетін тоғандардың болмауы мен тұр­мыста полифосфаттардың жиі қол­данылуы әсер етіп отыр, – деді эко­логия департаменті басшы­сы­ның міндетін атқарушы Талғат Сәбиев.

Әсіресе жаздың аптап ыс­ты­­ғында қала маңындағы бұлақ­тар­дың басында су кезекте тұрғандар көбейеді. Біреуі шайлық су алады, біреуі мұздатқышына қойып қайнатпай ішеді. Мамандар мұ­ны білместікке санап отыр. Эколог­тердің айтуынша, бұлақ суын сүз­гіден өткізіп ішті не, қайнатып іш­ті не, бәрібір денсаулыққа кері әсері сақталады. Өйткені су құра­мындағы ағзаға зиянды заттар қан­­ша қайнатсаң да кетпейтін көрі­неді. Мұның зиянын адам бірден байқамайды. Тіпті шамадан тыс нитраттар мен фосфаттардың кесірінен бүйрегіне тас тұрып ауы­рып қалғанның өзінде, немесе марганец салдарынан есте сақтау қабілеті кеми бастағанда дерттің судан екенін аңғармауы мүмкін.

Мамандардың ескертуіне қара­мастан, бұлақ бастауларына барып жатқан жұрт толастар емес. Осыдан бір-екі жыл бұрын бұл табиғи су көздерінің басына «Бұлақ суы ішу­ге жарамсыз!» деген ескертпе тақтайша орнатылған екен. Көп­шілік көп өтпей ол тақтайшаны да түбінен қопарып жұлып алыпты.

– Біз мониторинг өткізу барысында бұлақтың басына барып, тұрғындармен тілдесіп, судың зиян­ды екенін түсіндіріп көрмек болдық. Бірақ мұнымыздан түк шықпады. Бұлақ басындағылар сөзге құлақ аспастан, құтыларын тол­тырып алып жатты. Енді қа­ла маңындағы бұлақтарды шаруа­шы­лыққа пайдаланылатын су көзі ретінде танып, оны көміп тас­тау туралы мәселе көтеру ғана қал­ды. Басқа амал жоқ, – деп қын­жылды «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Анжела Әлжанова.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қайнар судан қауіп бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар