Аймақтар
1 мин оқу 450

Discovery Borovoе курорттық кешенінің аумағында жаңа аквапарк ашылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Жоба "Бизнестің жол картасы" жобасы аясында жүзеге &nbsp;асырылып отыр. Ертеректе Discovery Borovoе &nbsp;кешенінде 2 корпус пен бір асхана ғана болған. Бүгінде демалыс орнында 25 орындық 4 корпус бар, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Discovery Borovoе курорттық кешенінің аумағында жаңа аквапарк ашылды

Жаман тұмау жайлағалы жазғы маусымда Бурабайға ат ізін салатындар азайып қала ма деген қауіп те болған. Ішкі туризмді дамыту үшін жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Соның бірі көпшілікті елең еткізе түсуге тиісті осы жоба.

"Бизнестің жол картасы" аясында "Даму" қорынан қаржылай көмек алып, бір жылдың ішінде тұрғыздық. Демалатын аумақ 300 адамға шақталған. Елімізде пандемияның таралуына байланысты демалушылар санын уақытша 100-ге дейін қысқартып отырмыз", - дейді кәсіпкер Павел Безвербный.

Өткен жылы кәсіпкер "Бизнесті қолдау және дамыту" бағдарламасы арқылы 4 миллион теңге несие алған. Бұл қаражат аквапарктің құрылысы мен оған қажетті құрал-жабдықтарға жұмсалған. Сонымен қатар спорттық құрылғылар да сатып алынды.

 

Ақмола облысы

Бөлісу:
Discovery Borovoе курорттық кешенінің аумағында жаңа аквапарк ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар