Аймақтар
1 мин оқу 410

Атырауда 1 389 нысанға бейімдеу жұмысы жүргізілді

<p style="text-align: justify;">Мүмкіндігі шектеулі адамдар да өзгелер секілді шаруасымен түрлі нысандарға барады. Сол себептен, оларға қолжетімді орта құру мақсатында 3141 нысан &nbsp;құжаттандырылды, - деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Атырауда 1 389 нысанға бейімдеу жұмысы жүргізілді

Облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары  Әлфия Төлеғариеваның дерегіне сүйенсек, Атырауда тіркелген мүмкіндігі шектеулі жандар  23 000-нан  асады. Олардың арасында бірінші топта  1 895 адам болса,  екінші топтағысы –  9 629. Сондай-ақ  үшінші топ санатында 8 049 адам бар. Ал, 3 688 баланың мүмкіндігі шектелген.

"Қазіргі уақытта  облыстағы әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандардың барлығы құжаттандырылды. Оның ішінде есту, көру қабілеті төмен, арбаға таңылған  жандарға кедергісіз орта қалыптастыру үшін  1 389 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілді", - деді Әлфия Төлеғариева.

Оның мәлім етуінше, жыл басынан бері  мүмкіндігі шектеулі жандар 1 303 оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз етіліпті.

Бөлісу:
Атырауда 1 389 нысанға бейімдеу жұмысы жүргізілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар