Қоғам
1 мин оқу 310

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, түнде кей жерлерінде, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерде жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар