Елорда
1 мин оқу 320
Конституция көшесі 15 маусымға дейін жартылай жабық
<p style="text-align: justify;">Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>

Жол желісін орташа жөндеу аясында Конституция көшесінде Қарталы көшесінен Есенберлин көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында осы учаскеде қозғалысты ішінара тоқтату жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек", – делінген хабарламада.
Бөлісу: