Атырауда Жайыққа батқан жігітті іздеп жатыр

Тағы бір адам Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырыпEgemen.kz хабарлайды.

Кеше түсқайта 27 жастағы жігіт достарымен бірге Жайық өзенінің Геолог кенті тұсындағы жағалауында демалуға келіпті. Алайда, өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде суға шомылыпты. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері Жайыққа батып кеткен жігіттің денесін кеше сағат 17:10-нан бері іздеп, таба алмай жатыр.
"Өкінішке орай, әзірге іздестіру жұмысы нәтиже берген жоқ. Жедел құтқару жасағы іздестіруді жалғастыруда", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.