Үкімет
1 мин оқу 250

Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook парақшасында <a href="https://m.facebook.com/photo.php?fbid=3135307073194062&amp;set=a.332165670174897&amp;type=3&amp;theater">жазды</a>.</p>

Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырды

"12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е.

Біртановтан COVID-19-ға алынған анализде вирустың анықталуына байланысты, Премьер-Министр тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс.

Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар