ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?
<p style="text-align: justify;">Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға <a href="https://egemen.kz/article/237599-ubt-tapsyratyndar-otken-dgylmen-salystyrghanda-11-gha-kop-video">132 мыңға жуық адам</a> өтініш білдірген. Эпидемия кезінде қашықтан оқуға көшкен мектеп түлектері үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жеңілдік енгізді, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
- Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әр пән бойынша дайындық тестілерінің 70 бірегей нұсқасы тегін орналастырылды;
- Қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік бітіру емтихандары өткізілмеді, ал аттестаттар жылдық бағалар негізінде берілді;
- Мектеп бітірушілері IV тоқсанда өткен материалды қайталап, бекітеді, сондықтан ҰБТ-да 11 сыныптағы соңғы тоқсанның сұрақтары болмайды;
- ҰБТ тапсыру барысында калькулятор қолдануға рұқсат етілді, олар үстелдерде тұрады. Бірақ талапкер өзі қалаған құрылғыны өзімен бірге әкеле алмайды. Калькулятор ҰБТ тапсыру орындарында ғана беріледі.
- Тестілеу уақыты 4 сағатқа ұзартылды.
- Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 12%-ға артқан. Өтініштер алғаш рет онлайн қабылданды.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгіленді. Сондай-ақ академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талап күшейтілді, яғни оқуға түсу үшін шекті балы 70-ке дейін көтерілді.