Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 36 жаңа жағдайы тіркелді
<p style="text-align: justify;">Қытай астанасы Бейжіңде екінші толқынның қаупі аясында коронавирус індетінің 36 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>

11 маусымға дейін Бейжіңде 56 күн бойы коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген болатын. Қазіргі уақытта "Синьфади" базары жабылды. Онда эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр.
Елдің вице-премьері Сунь Чуньлан Пекиндегі "Синьфади" базарындағы кластерлік өршуге байланысты індеттің таралу қаупі өте жоғары екенін ескертті.
Сенбі күні Бейжіңде 36 жаңа жергілікті ауру жағдайлары тіркелді, олардың барлығы CGTN-ның мемлекеттік БАҚ-тарымен бүкіл Азиядағы ірі көтерме сауда нарығы ретінде сипатталған "Синфади" базарында байланыста болғандар.

10 000-ға жуық базар қызметкерлері вирустың бар-жоғына тексеріледі.