Аймақтар
1 мин оқу 295

Атырауда бекіре тұқымдас 289 балық ауланды

<p style="text-align: justify;">Көктемгі маусымда судан маржан сүзген балықшылар осынша балықты бекіре шабағын өсіретін екі зауытқа тапсырды, - деп жазады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Атырауда бекіре тұқымдас 289 балық ауланды

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәліметіне сүйенсек,  өңірдегі балық шаруашылығымен айналысатын құрылымдар  6 492 тонна балық аулады. 

"Оның ішінде Атыраудағы екі бекіре шабағын өсіру зауыты үшін 289 бағалы балық бар. Бұлар –  салмағы 148 кг аналық қортпа, 15 бекіре, 252 шоқыр мен 21 сүйрік. Аталған зауыттарда өсірілген бекіре шабақтарын Жайық өзеніне жіберу шілде айына жоспарланып отыр. Сондай-ақ Жайық пен Қиғаш өзендерінен, Каспий теңізінен балық аулаған құрылымдардан  балық қорларын пайдаланғаны үшін бюджетке 121 млн теңгеден астам қаржы түсті", - деп хабарлады Олег Тушканов.

Бөлісу:
Атырауда бекіре тұқымдас 289 балық ауланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар