Аймақтар
1 мин оқу 381
Атырауда борышкер жүргізушілерден 6 млн теңге өндірілді
<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 8 маусымнан бері сот орындаушылармен бірге "Борышкер" жедел іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды<a href="https://egemen.kz/"> Egemen.kz.</a></p>

"Іс-шара кезінде полицейлер Жедел басқару орталығының видеокамералары арқылы борышын өтемей жүрген жүргізушілерді анықтады. Полицейлер планшеттің көмегімен 500-ден астам жүргізушіге әкімшілік айыппұлдарын өтеу туралы әкімшілік соттың қаулысын тапсырды. Борышы бар жүргізушілерден 6 млн теңгеге жуық айыппұл өндіріліп, 20 автокөлік айып тұрағына қойылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу: