Қоғам
1 мин оқу 702

Елордада адалдықты насихаттайтын билбордтар орнатылды

<p style="text-align: justify;">"Адалдық алаңы" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында халқымыздың ұлы тұлғалары мен алаш зиялыларының мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері көрсетілген баннерлер әзірленіп, билбордтарға орналастырылды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елордада адалдықты насихаттайтын билбордтар орнатылды

А.Құнанбайұлының 175 жылдық және әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында дара тұлғалардың тәртіпке, еңбекке, тәрбиеге жетелейтін "Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы", "Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту" сынды қанатты сөздері көрсетілді.

Әділдік пен адалдықты ту еткен дана тұлғаларымыз әл-Фараби, А.Құнанбайұлы, Б.Момышұлы, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ш.Уәлихановтың сөздері қала көшелерінде, аялдамаларда, аэропортта, ақпараттық мониторлар мен лэд экрандарға орналастырылды.

Сонымен қатар "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру, халықты Агенттіктің "1424 Call-орталығымен" хабардар ету және қала тұрғындарымен ортақ мүдде үшін бірлесіп қызмет атқару мақсатында билбордтарға "1424 Call-орталығының" нөмірі орналастырылды.

Call-орталықтың операторлары агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап беріп, сыбайлас жемқорлық фактілері, құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларын тәулік бойы қабылдайды.

Аталған жұмыстар көрнекі ақпараттар арқылы қала тұрғындарын кең көлемде қамтуға бағытталған.

56

6

47

8

Бөлісу:
Елордада адалдықты насихаттайтын билбордтар орнатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар