Аймақтар
1 мин оқу 734

Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтіліп, мекемелердің жұмыс істеу кестесі өзгерді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10:00-ден 21: 00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.

Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.

Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.

ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі тиіс.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.

Бөлісу:
Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар