Әлем
1 мин оқу 980

Жапон ғалымдары вирус жоятын маска жасады

<p style="text-align: justify;">Әлем ғалымдарының бүгінгі зерттеу жұмыстары дүние жүзін дүрліктірген пандемияның шешімін табуға арналғандай. Әр елдің зерттеушілері өзіндік нәтижелерін шығарып жатыр. Соның ішінде жапон ғалымдарының идеясы мен еңбегі үлгі тұтарлық. Себебі олар &laquo;маска вирустан қорғай ма, жоқ па?&raquo; деген мазмұндағы даулы сұраққа жақсылап нүкте қойғандай.</p>

Жапон ғалымдары вирус жоятын маска жасады

Жапонияның Гунма универ­ситетінің ғалымдары COVID-19 вирусын 4 сағатта жоя алатын маска ойлап тапты. Бұл туралы www.elitereaders.com сайты жазды. Порталдағы мақалада жа­зылғандай, жапондық ғалымдар жергілікті Мейсей (Meisei) тек­стил (тігін) компаниясымен серіктестікте жұмыс істеп, COVID-19 вирусын 4 сағатта жоя ала­тын маскасын таныстырды. Мас­каның ерекшелігі, жаңа мыс талшықтарынан жасалғанында.

Жапон мемлекеттік меке­­месінің фейсбуктегі рес­ми па­рақшасында бұл туралы: «NIH (National Institutes of Health – АҚШ-тағы Ұлттық ден­сау­­лық институтының зерттеу қорытындысы COVID-19 ви­­ру­сының пластик бетінде 3 күн,  мыстың бетінде небәрі 4 сағат өмір сүре алатынын көр­сетті. Содан соң ғалымдар фо­то­­каталитик спин әдісімен мыс­тың вирусқа қарсы қабілетін кү­шейтті. Әрі қарай зерттеушілер Мейсей тігін компаниясымен бір­лесе алдымен мыстан жіп, кейін мата жасап шықты. Сол матадан маскалар мен басқа да қажетті заттар тігілді», деп жазыпты.

Осы жаңалыққа қатысты жа­рияланған фотоларды мұқият қарағанымызда, ғалымдар мен тігін компаниясы өкілдерінің қолындағы тор маскаға көзіміз түсті. Мұрын тұсы ғана мыс ма­­тадан, қалған жері тордан ті­гілген екен. Бұл қазіргідей жаз­дыгүні масканы таға алмай, тұншығып жүргендерге едәуір сеп болатыны сөзсіз. Айтпақшы, ға­лымдар мен тігіншілер мыс матадан қолғап пен қол сүрт­кіштерді де өндірген.

Бөлісу:
Жапон ғалымдары вирус жоятын маска жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар