Аймақтар
1 мин оқу 260
Павлодар облысы әкімінің орынбасары вирус жұқтырды
<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан коронавирус анықталып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a></p>
Дене қызуының көтерілуіне байланысты Асхат Оралов COVID-19 тестін тапсырып, оң нәтижені берген. Қарым-қатынаста болған ортасы анықталып, енді санитарлық-эпидемиялық тексерулер жүргізілуде.
"Облыстық әкімдіктің барлық қызметкері КВИ-ден сынақтан өтті. Нәтижелері кейінірек жарияланады", дейді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулер кейінге шегерілді.
Бөлісу: