Атырауда індетке шалдыққан жетінші жүкті әйел босанды
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жүкті әйелдің босануына облыстық перинаталдық орталықтың мамандары акушерлік көмегін көрсетті. Дүниеге аман-сау келген нәрестеден коронавирус инфекциясына қарсы талдау алынып, таза палатаға ауыстырылыпты.
"Босанған әйел – Қызылқоға ауданының тұрғыны. Сәбидің салмағы – 3 кило, 394 грамм, ал, бойы – 52 см. Анасының да, нәрестенің де жағдайы жақсы. Жас анаға тиісті емдеу шаралары әрі қарай жүргізілетін болады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұдан бұрын коронавирус диагнозымен ем қабылдап жатқан 4 және жазылып шыққан 2 әйел босанған еді.
Атырау облысы