Қоғам
2 мин оқу 1,100

Ата-ананың аялы алақаны – баланың иммунитеті

<p style="text-align: justify;">Қазіргідей пандемия өршіп тұрған жағдайда ересек адамдардың жауапкершілік жүгі екі есе ауырлай түсті. Себебі олар өзімен қатар үйдегі балаларға да қамқор болып, кішкентайларды қауіпті індетті жұқтырып алудан қорғауы керек.</p>

Ата-ананың аялы алақаны – баланың иммунитеті

Ең алдымен ересектер бала­ларға қолды жиі жуу, көп­шілік орындарда мін­детті түрде маска тағу, сани­тай­зерлерді қолдану секілді вирустан сақтанудың қарапайым қағидаларын үйретуі тиіс. Содан соң кішкентайлар­дың жақсы тамақтануына, таза жүруіне мән беру керек. Ал ашық алаңдарда балаларды мас­ка тағып ойнауға мәжбүрлеудің қажеті шамалы.  Өйткені ойын ойнағанда бала секіріп, жүгіріп белсенділігін арттырады, ондайда маска кері әсерін тигізуі мүмкін.

3 жастан жоғары балаларға вирустан қалай сақтануға болатынын үйрететін ертегі немесе түрлі танымдық кітапшаларды оқып беруге болады. Мысалы, UNICEF балалар қорының Қазақстан­дағы өкілдігі жақында БҰҰ-ның IASC (Inter-Agency Standing Committee – Ведомствоаралық тұрақты комитеті) гуманитарлық серіктесі шығарған «Сен – менің батырымсың» атты ертегісін қазақ­шаға аударды. Жал­пы, жұқ­палы аурулардан сақ­тану­­дың кеңестері көр­сетілген кітап­ша­ларды еліміздің әр өңіріндегі ем­ханалардан да табуға болады. 

Емізулі нәрестесі бар ата-аналарға айтарым, 6 айға дейін тек ана сүтін емген шақа­лақтың түрлі ауруларға қарсы иммунитеті жоғары болады. 6 айдан соң ана сүтімен бірге қосымша тамақтарды ішкені дұрыс. Жалпы, ата-аналарға айтар тағы бір кеңесім дәл осы өкпенің қабынуына алып келетін COVID-19 кезінде баланың тыныс алу жиілігін жиі бақылап, санап отыру қажет. Айталық туғаннан 2 айға дейін сәбидің тыныс алу жиілігі 60-тан асса немесе 2 айдан 1 жасқа дейінгі нәрестеде 50-50-ден жоғары болса, қабынудың алғашқы белгісі барын білген жөн.

1

Еліміздегі статистикаға көз жүгіртсек, қауіпті індетті жұқ­тыр­ғандардың арасында бала­лар саны аз. Өйткені кішкен­тайлардың ағзасы ересектер мен жасы жеткен жандарға қараған­да, анатомиялық ерекшелігіне қа­рай түрлі тосын жайттарға, атап айт­қанда, жұқпалы аурулар­ға, қа­бынуға төзімді келеді. Шын­дығында, бүгінде біршама бала коро­навирустың симптомсыз түрін бастан өткізіп жатыр. Мұн­дайда ауруды тек ағзаның вирус­қа қарсы тұру қабілетінің күшімен ғана жеңіп шығуға болады. Ал баланың бойындағы иммунитет тек тазалық, тамақ­тану, белсенділікпен ғана емес, отбасындағы жақсы көңіл күй­мен де қалыптасатынын, күше­йетінін білу керек. Себебі ата-ананың аялы алақаны – баланың иммунитеті.

Нұрхан МАДАЛИҚЫЗЫ,

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, педиатр

Бөлісу:
Ата-ананың аялы алақаны – баланың иммунитеті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар