Аймақтар
2 мин оқу 371

Мұқашев ашқан музей

<p style="text-align: justify;">Құрманғазы ауданында тұ&shy;ра&shy;тын Ғалымжан Мұқа&shy;шев&shy;тың мамандығы &ndash; есепші. Бірақ бала кезінен тарихи жә&shy;ді&shy;герлерді, көненің көзіне айналған бұйымдарды жинауға әуес болыпты.</p>

Мұқашев ашқан музей

Алдымен  тігіншілігімен танымал болған анасы Молқұйма Құспан­ғалиева аяқпен қозғалысқа кел­тірілетін ұршығын далаға тастағысы келмепті. Сөйтіп, анасы тұтынған бұ­йым­дар­ды  көненің көзіндей сақ­тауды жөн көреді. Кейін соғыс ар­да­гері, ішкі істер саласының үз­дігі атанған әкесі Батырғали Мұқа­шев­тың қолданған бұйымдарын да жинақ­тайды.  

Осылайша, өз үйінде  музей жа­сақтала бастағанын байқамай қа­лады. Кейін музей қоры ауыл аза­маттарының бұйымдарымен то­лығып, өткен ғасырдың 60-70-жылдарын көз алдыңызға елестетеді. Кейбір жәдігерлердің жүзжылдық тарихы бар. Музей білте шам, үтік, құман секілді тұрмыстық бұйым­дар­мен толықты. Тіпті диірменнің тасы да тұр. Телевизор мен радио­қабылдағыштың, музыкалық ас­пап­тардың бірнеше түрі бар. Тәуел­сіздікпен бірге айналымға енген теңгенің алғашқы нұсқаларын да кездестіруге болады.

– Ән жазылған пластинканы айнал­дыратын ескі патефонды та­бу қиын ғой. Іс тігетін машина, радио­ның бірнеше түрі – мұның бәрі көне жә­дігер. Кейбірін ағайындардан, дос­тарымнан сұрап алдым. Белгілі қа­ламгер Рахмет Иманғалиевтің жазу машинкасын балалары тапсырды. Идаят Қуанғалиев  деген көршімнің транзисторын ағаның көзіндей сақтап отырмын, – дейді Ғалымжан Мұқашев.

Қолы босаған сәтте өзі жасақтаған шағын музейдегі көне бұйымдарды қалпына келтіріп, кейбірін өңдейді. Сол себептен болар, елу жыл бұ­рынғы патефондар, радио-транзисторлар әлі күнге дейін жұмыс істейді. Мыс пен жезден, ағаштан жасалған көне бұйым, әсіресе телефон мен фотоаппараттың алуан түрі тізіліп тұр.  Болашақта музейді ке­ңейтіп, аудан жұртшылығына таныстыруды мақсат етіп отыр. Кейбір жәдігердің тұсына шыққан жылын, атауын жазып қоюды қолға алмақ.

Атырау облысы

Бөлісу:
Мұқашев ашқан музей · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар