Алакөлге он мың теңгемен баруға болады
<p style="text-align: justify;">Тариф құны әр қалада әр түрлі<span id="ctrlcopy">. </span>Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>

"SCAT" әуе компаниясы" АҚ сыйымдылығы 50 адамдық Bombardier CRJ200 типті әуе кемесімен субсидияланатын келесі рейстерді орындайды:
Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.
Алматы - Үшарал - Алматы бағытында 2020 жылғы 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Бір жаққа билет құны 10 000 теңге.
"Оңтүстік аспан" АҚ сыйымдылығы 50 адамдық АН-24 әуе кемесімен субсидияланатын келесі рейстерді орындайды:
Алматы – Үржар - Алматы бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 14 000 теңге.
Нұр-Сұлтан – Үржар - Нұр-Сұлтан бағытында 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет. Жолаушыны бір жаққа тасымалдау тарифі 16 000 теңге.
"SCAT" әуе компаниясы" АҚ өтінімі бойынша қыркүйек пен қазан айларында жиіліктің азаюын ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға аптасына қосымша 7 рейске көшіру мәселесі қарастырылуда.
Сондай–ақ, Министрлік 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін Алматы– Жезқазған-Алматы, Нұр–Сұлтан – Балқаш - Нұр-Сұлтан, Нұр–Сұлтан – Үшарал - Нұр-Сұлтан бағыттарында қосымша рейстерді шілде айынан бастап іске қосу мәселесін пысықтауда", - делінген хабарламада.