"Барыстың" тізгінін қазақстандық маман ұстайтын болды
<p>Құрлықтың хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" клубының бас бапкері белгілі болды. Алдағы маусымнан бастап елордалық клубтың тізгінін қазақстандық маман Юрий Михайлис ұстайтын болады. Бұл туралы клуб <a href="https://www.instagram.com/barys_official/?hl=ru">Instagram</a> парақшасында хабарлады.</p>

Бапкер мен клуб арасында бір жылдық келісімшарт жасалған. 51 жастағы маман "Барыстың" бапкерлер қосынында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ұзақ жылдар бойы ол "Номад" командасының бас бапкері қызметін атқарды. 2018 жылы Михайлис "Барыс" жене Қазақстан ұлттық құрамасында Ғалым Мамбетәлиннің көмекшісі қызметін де атқарған.
Айта кетейік, 2014 жылдан бері "Барыс" сапында жаңа бапкердің ұлы – Никита Михайлис ойнап келеді.
Соңғы екі маусымда "Барысты" беларусь маманы Андрей Скабелка жаттықтырып келген еді. Бірақ, ол биылғы маусымнан кейін келісімшартын ұзартудан бас тартты. Бұл маманның бастамасымен біздің ұжым Черышев дивизионын екі рет жеңіп, екі мәрт Гагарин кубогінің екінші кезеңіне өткен болатын.