Әлем
1 мин оқу 211

Оңтүстік Кореяда вируспен ауырғандар саны 12198-ге артты

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяда күніне COVID-19-дың 43 жаңа жағдай тіркелуде. Індет жұқтырғандардың жалпы саны 12198-ге дейін ұлғайса, ал 10774-і жазылып шықты. Ал оның 279-ы қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (KCDC) хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұған дейін 278 адамның өлгені туралы хабарланған болатын. Оңтүстік Хан мемлекеті мамыр айының басынан бастап, жаңа COVID-19 жұқтырғандардың саны арта түскенін мәлімдеді. Сол себепті жергілікті емдік кластерлер күніне 79-ын қабылдаса, соңғы үш аптада, тіпті, дәлізде 30-60-қа жуық науқасқа ем-дом шараларын жүргізді.

KCDC мәліметі бойынша, індеттің жаппай тарауы сәрсенбі күні сағат 00:00-де (сейсенбі күні Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де), жағдайдың 31-і жергілікті сипатта ушыға түссе, оның 12-сі шетелден алып келген. Географиялық тұрғыдан алғанда, Сеулде және Кёнги-До провинциясында 13 оқиға тіркелді. Ал карантиндік тексерісте ел бойынша қалғандары 7 инфекция анықталған.

Өткен тәулікте 14 адам ауруханалардан шығарылды. Жалпы, Оңтүстік Корея бойынша 1,13 млн адамды коронавирустық тест сынамасын тапсырған.

Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда вируспен ауырғандар саны 12198-ге артты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар