Аймақтар
1 мин оқу 280
Тереңкөл - Железин автожолындағы апаттан 7 жасар бала көз жұмды
<p>Тас жолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соғысқан, - деп хабарлайды <a href="http://pavlodarnews.kz/index.php?id=39093">pavlodarnews.kz</a>. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.</p>

"17 маусым күні 15:30-да Тереңкөл – Железин автожолының 2 шақырымында Volkswagen Passat маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. 32 жастағы облыс тұрғыны басқарған Volkswagen Passat автокөлігінде жүргізушінің кәмелетке толмаған үш баласы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылғы кәмелетке толмаған бала қайтыс болды", - деді баспасөз қызметінде.
Департаменттің хабарлауынша, 2016 және 2020 жылы туған екі қыз бала Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді. Сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.
Бөлісу: