Аймақтар
1 мин оқу 320

Атыраудағы Жылыой ауданында карантин 2 шілдеге дейін созылады

<p style="text-align: justify;">Осынша шешімді&nbsp; аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Талғат Хабибуллин өз &nbsp;қаулысымен бекітті, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атыраудағы Жылыой ауданында карантин 2 шілдеге дейін созылады

"Жылыой ауданында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанға дейін карантин режимі және шектеу шаралары 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.

Сондай-ақ 18 маусым сағат 07:00-ден бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларға қатысты бірнеше  уақытша шектеулер белгіленіп отыр. Оның ішінде  жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс жасау формасына ауыстыру да бар.

Ауданда осы кезге дейінгі қолданылып келген шектеулер талабы бұрынғыша сақталады.

Бөлісу:
Атыраудағы Жылыой ауданында карантин 2 шілдеге дейін созылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар