Аймақтар
1 мин оқу 185
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
<p style="text-align: justify;">Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (20-21 маусымда) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 22 маусымда дүйсенбі күні оралады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Бұдан бөлек барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін орындарда (саябақтар, гүлзарлар және т.б.) ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.
Бөлісу: