Қоғам
1 мин оқу 132

Соңғы 5 айда 33 479 үй пайдалануға берілді

<p style="text-align: justify;">2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша жалпы ауданы 4,1 млн шаршы метр немесе 33&nbsp;479 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 14&nbsp;209 жеке үй. Аталған кезеңде жеке меншік есебінен жалпы ауданы 3,8 млн шаршы метр баспана салынды, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.</p>

Соңғы 5 айда 33 479 үй пайдалануға берілді

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы 1 маусымға дейін қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 525,4 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл - 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 120,6%.

Тұрғын үйді іске қосу бойынша Түркістан (131,2%), Қарағанды (124,9%) Шығыс Қазақстан (114,3%), Батыс Қазақстан (111,9%), Жамбыл (108,7%), Солтүстік Қазақстан (108%), Қостанай (107,9%) облыстары алда келеді.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша осы кезеңде 28 мың шаршы метр немесе 507 жалға берілетін тұрғын үй пәтер пайдалануға берілді.

Бөлісу:
Соңғы 5 айда 33 479 үй пайдалануға берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар