Спорт
1 мин оқу 320

Алматыда өтетін бокс кешінде тағы екі қазақ боксшысы жұдырықтасады

<p>Жекпе-жек кешін 18-шілде күні&nbsp;MTK Global компаниясы ұйымдастырады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда өтетін бокс кешінде тағы екі қазақ боксшысы жұдырықтасады

Айтулы жарыстың басты жекпе-жегінде кімдер жұдырықтасатыны белгілі болған еді. Шаршы алаңда әлі ешкімнен жеңілмеген қазақтың қос мықтысы – Дәурен Елеусінов пен Арман Рысбек күш сынасады. 

Бүгін тағы екі боксшымыздың шаршы алаңда бір-біріне қарсы шығанытын белгілі болды. Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін Сағадат Рақманқұлға қарсы өткізеді. 

Әуесқой бокста 75 келі салмақта сынға түскен Құлахмет 2019 жылы Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алса, Бангкокта өткен Азия чемпионатында топ жарды. 

Ал Сағадат Рақманқұл болса кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетсе, екеуінде жеңіліп қалған. 

Бөлісу:
Алматыда өтетін бокс кешінде тағы екі қазақ боксшысы жұдырықтасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар