Әлем
1 мин оқу 390

Шетел университеттерінде 610-нан аса қазақстандық тегін білім алады

<p style="text-align: justify;">Шет елдермен білім беру саласындағы мәселелер бойынша 20 келісімге қол қою жоспарланып отыр, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқа елдердегі Қазақстан елшіліктерінің өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Жиынға қатысушылар қазақстандық жоғары білім саласын интернационализациялау бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Министрлік тұжырымдамалар дайындап, 20 келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр, олар келесі мәселелерді қамтитын болады:

  • бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
  • жоғары оқу орындарында қос дипломды бағдарламалар ашу;
  • тепе-тең негізде гранттар бөлу;
  • білім туралы құжаттарды тану.

Алмасу бағдарламасы аясында жыл сайын шетелдік жоо-ларда 610-нан астам қазақстандық студент грант бойынша білім алады. Сонымен қатар еліміздің жоғары оқу орындарында квота саны артты, бүгінде 345-ке жуық шетелдік азаматтың Қазақстанда білім алуына болады.

Бөлісу:
Шетел университеттерінде 610-нан аса қазақстандық тегін білім алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар