Қоғам
1 мин оқу 150
Жалған құжаттармен автокөлік құралын кіргізудің алдын алды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан шекарашылары "Қарақоға" автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға жалған құжаттармен және мемлекеттік нөмір белгілерімен автокөлік құралын кіргізудің алдын алды, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Қарақоға" өткізу пунктінде автомашинаны толық қарау кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәліктің және тіркеу нөмірлері белгілерінің жалған екені анықталды.
Ұсталған автомобиль СҚО М.Жұмабаев ауданы АПБ-ға тапсырылды.
Осы өткізу пунктінде айдап кету белгілері бар автомашиналарды заңсыз кіргізуге (алып өтуге) оқталулардың бірнеше мәрте жолы кесілгенін атап өту керек.
Бөлісу: