Аймақтар
1 мин оқу 530

Қостанайда өрт ішінде қалған сәби құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Өрт сөндіру қызметіне Чкалов көшесіндегі № 7-үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар бүгін таңертең келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтердің қонақ бөлмесіндегі жиһаздың жанып жатқанын анықтайды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанайда өрт ішінде қалған сәби құтқарылды

"Қызыл жалынды ауыздықтау барысында пәтер ішінде жалғыз қалған бір бала құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 4 бала бар. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын анықталып жатыр". - деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге 16 адам және 3 арнайы техника қатысқан.

Бөлісу:
Қостанайда өрт ішінде қалған сәби құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар