Президент
1 мин оқу 294

Елбасы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Әңгіме барысында Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Елбасына тез арада сауығып кетуін және қазақ халқының игілігі үшін таяу арада күнделікті жұмысына оралуын тіледі. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентіне жылы лебізі үшін алғысын айтып, екі бауырлас мемлекет арасындағы тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімін білдірді.

Бөлісу:
Елбасы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар