Қазақстан
1 мин оқу 960

21 маусымда ҰБТ басталады

<p style="text-align: justify;">21 маусым күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді.

21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.

ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады:

  • дезинфекциялық тоннельден өту;
  • арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді
  • зарарсыздандыру;
  • дене қызуын өлшеу;
  • қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу;
    медициналық маскалар беру.
Бөлісу:
21 маусымда ҰБТ басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар