Спорт
1 мин оқу 261

Ескекке есуден іріктеу турнирі Барнаулда өтеді

<p style="text-align: justify;">Халықаралық байдарка мен каноэ есу федерациясының ресми сайтында Токио Олимпиадасының іріктеу турнирі қашан өтетіні жөнінде ақпарат жарияланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p> <p><strong>&nbsp;</strong></p>

Ескекке есуден іріктеу турнирі Барнаулда өтеді

Айтулы ұйым мүшелерінің шешіміне сай Олимпия ойындарының лицензиялары әлем кубогы барысында сарапқа салынады. Бұл дода келесі жылдың 20-23 мамыр аралығында Ресейдің Барнаул қаласында ұйымдастырылады. Жарыс жолына мыңға жуық спортшылар қатысады деп күтілуде. Солардың арасынан озып шыққандар Токиода бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанған Олимпия ойындарында ескек есушілер сайысында Германия құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Немістер 4 алтын, 2 күміс және 1 қоланы қоржынға салды. 3 алтын және 1 қоласы бар Испанияның өкілдері екінші орынға табан тіресе, Бразилия көгінде өз елдерінің әнұранын үш мәрте шырқатқан Мажарстанның ескекшілері үшінші орынды иеленді.  

 

Бөлісу:
Ескекке есуден іріктеу турнирі Барнаулда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар