Әлем
1 мин оқу 403

Өзбекстан Президенті Елбасының сауығып кетуін тіледі

<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ" xml:lang="KZ">Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады. Бұл туралы&nbsp;<a href="https://elbasy.kz/kk/news/2020-06/kazakstannyn-tungysh-prezidentinin-atyna-ozbekstan-respublikasynyn-prezidenti-shavkat">elbasy.kz</a> хабарлады.</span></p>

"Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін. Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін",  делінген жеделхатта.

Бөлісу:
Өзбекстан Президенті Елбасының сауығып кетуін тіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар