Қазақстан
1 мин оқу 920

Тау-кен машиналар: 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді

<p style="text-align: justify;">Индустрияландыру жылдары еліміз тау-кен машиналарын жасауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Өндіріс 1,7 есе, экспорт 1,8 есеге дейін өсті, деп хабарлады <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/1?lang=kk">ИИДМ баспасөз қызметі</a>.</p>

Тау-кен машиналар: 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Толық айналмалы машиналар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары, шахта вагоншалары, ұсақтау жабдығы сияқты өнім түрлері игерілді, сондай-ақ тау-кен өндіру бағытындағы машиналар мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер өндірісі жолға қойылды ("Мэйкер" ЖШС).

Тау-кен машиналарын жасауда 2020 жылдың 5 айында 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тау-кен машиналарын жасаудың негізгі кәсіпорындары − Алматы ауыр машина жасау зауыты, Қарағанды құю-механикалық зауыты, Қазцинкмаш, Құрылысмет, Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты, КазКарбон.

Еліміз бойынша Индустрия 4.0 элементтерін енгізген алғашқы кәсіпорындардың бірі − Қарағанды қаласындағы "Мэйкер" ЖШС.

Бөлісу:
Тау-кен машиналар: 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар