Технология
1 мин оқу 606

«Халықтық бақылау» жобасына қосылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жеті өңірінің 36 кәсіпорны &laquo;Халықтық бақылау&raquo; жобасына қосылды, оның негізгі мақ&shy;саты өндірістегі қауіпсіздік техни&shy;касы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақы&shy;лау&shy;ды күшейту болып табылады.</p>

«Халықтық бақылау» жобасына қосылды

«Халық бақылаушылары» ретін­де кәсіпорындарға мүм­кін­діктері шектеулі, соның ішінде жалпы аурулар бойынша мүмкіндіктері шектеу­лі адамдарды тартады. Бейнеба­қы­лау жүйесінің көмегімен олар өндіріс­тегі барлық қауіпсіздік ере­желе­рінің бұзылуын ауысым бойынша қада­ғалайды. Бұл қауіпсіз еңбек жағ­дайларын қамтамасыз ету үшін қа­жет­ті шараларды уақтылы қабылдауға, ал жұмыс берушілер үшін мүге­дектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотаны пайдалануға мүмкіндік береді.

Өңірлер бөлінісінде «Халық­­тық бақылау» жобасына­ Шымкент қаласында 12 кәсіп­орын, Маңғыстау облысында 7 кәсіпорын, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 5 кәсіпорыннан, Павлодар облысында 4, Қызылорда облысында 2 және Қостанай облысында
1 кәсіпорын қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Халық­тық бақылау» жобасы 2019 жылғы ма­мыр айында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барған кезде «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауытында таныстырылды. Кез­десу қорытындысы бойынша Президент аталған жобаны еліміздің басқа да кәсіп­орындарына енгізу мүмкін­дігін қарастыруды тапсырған болатын.

Бөлісу:
«Халықтық бақылау» жобасына қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар