Жеңіл атлетика
1 мин оқу 163

Жарыс кестесі жарияланды

<p style="text-align: justify;">Жеңіл атлетикадан Монакода өтетін &laquo;Гауһар лигасының&raquo; жарыс кестесі жарияланды. Турнир 14 тамызға жоспарланған.</p>

Жарыс кестесі жарияланды

Байрақты бәсекеде ерлер 200, 800, 1500, 5000 метрге, 110 метрге кедергі­лермен, 3000 метрге кедергілермен жүгі­ру және сырықпен секіруден сынға түседі. Әйелдер арасындағы жарыс бағдарламасы 100, 400, 1000 және 5000 метрге жүгіруден, сондай-ақ биіктікке және үш қарғып секіруден тұрады.

«Гауһар лигасында» үш қарғып секіру бойынша Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2012 және 2017 жылы жеңімпаз атанған. Жаһандық доданың кейінгі бәсекесі 16 тамызда Англияның Гейтшид қаласында өтеді.

Бөлісу:
Жарыс кестесі жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар