Әлем
1 мин оқу 250
Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек тапсырды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық гуманитарлық көмекті Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.
Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты.
Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.
Бөлісу: