Коронавирус
1 мин оқу 261

Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 541-ге жетті

<p style="text-align: justify;">Бүгінде&nbsp;Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны&nbsp;27 мыңнан асты. Бұл туралы&nbsp;Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры&nbsp;Жұмабек&nbsp;Бекенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

"Қазіргі таңда Қазақстанда 27 541 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның  ішінде 9 809 симптомсыз,  17732 симптомды жағдай. 21 маусымның өзінде елімізде 1 471 ауру тіркелді. Қайтыс болғандары – 120 науқас. Бір тәуліктің ішінде 2 адам көз жұмды. Бір тәуліктің ішінде 226 адам емделіп шықты, барлығы 10897 адам індеттен айықты", - деді Жұмабек Бекенов.

Оның айтуынша, елімізде барлығы стационарлық карантинде – 168 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр. КВИ-мен ауырып, ауруханада  жатқан науқастар  саны – 8052. КВИ жұқтырып, амбулаторлық бақылауда тұрған  8472 адам бар.

Бөлісу:
Қазақстанда симптомды және симптомсыз науқастар саны 27 541-ге жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар