Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ" xml:lang="KZ">Әңгімелесу барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></span></p>

Тараптар екі ел үкіметтерінің коронавирус пандемиясын еңсеруге бағытталған шаралары туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев алдағы кездесулер мен іс-шаралардың кестесін талқылады.
Әңгіме соңында Елбасы Өзбекстан Президентіне жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.