Парламент
2 мин оқу 570

«Парламент сөзі»: жеңімпаздар анықталды

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісі &laquo;Парламент сөзі&raquo; арнайы сыйлығының қорытындысын шы&shy;ғарып, жеңім&shy;паз&shy;дар&shy;дың есімдерін жа&shy;рия&shy;лады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

«Парламент сөзі»: жеңімпаздар анықталды

Құрамына Мәжіліс депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, партиялар өкілдері енген комиссияның шешімімен биыл жеті аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Пар­ламент сөзі» сыйлы­ғының жеңім­паз­дарымен қатар, отандық бұқ­ара­лық ақпарат құралдары өкіл­дерінің барлығын кәсіби мере­кесі­мен құттықтады.

«Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымының лауреаттары – «Qazaqstan dáuiri» газетінің бас директоры Сәуле Мешітбаева және «Караван» газетінің бас редакторы Игорь Шахнович;

«Үздік телевизиялық сюжет үшін» аталымы­ның лауреат­тары – «Хабар» теле­ар­насының тілшісі Ин­дира Жылқыайдарова және «Бірінші арна» «Еуразия» тілшісі Светлана Пенькова;

«Үздік басылым жария­ланымы үшін» аталымының лауреаттары – Темір Құсайын («Egemen Qazaqstan») және «Литер» газетінің ұжымы;

«Үздік интернет және радиоматериал» аталы­­­мы­ның лауреаттары «Abai.kz» ақ­параттық пор­та­лы және Серік Сәбеков («Kazinform»);

«Арнайы репортаж» аталымының лауреаттары – «Қазақ радиолары» мен  «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Марк Брюшко;

«Үздік видео және фотоматериал үшін» ата­лымының лауреаттары «Nur Media» фототілшісі Советбек Мағзұмов және «Хабар» теле­арнасының бас операторы Еділ Ермекбаев болды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бастама­сымен биыл «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы» өмір­­ден ерте кеткен таны­мал журналист Бейсен Құранбекке берілді.

2016 жылдан бері ұйым­дастырылып келе жатқан сыйлықтың тапсырылуы биыл коронавирус пандемиясына қатысты бірқатар өзгеріске ұшырады. Сый­лықты салтанатты түрде тапсыру рәсімі күзгі пар­ламенттік сессияға жоспарланып отыр.

Бөлісу: