Әлем
1 мин оқу 542

Песков Ресейдің территориялық талабы жоқ екендігін мәлімдеді

<p style="text-align: justify;">Ресейдің көршілеріне қояр территориялық талабы жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.<br />Бұл туралы ақпаратты ТАСС-қа сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

Песков Ресейдің территориялық талабы жоқ екендігін мәлімдеді

"Жоқ, Ресейдің өз көршілеріне қояр территориялық талабы жоқ", деген ол қадап тұрып.

Сөйтіп Песков Ресей президентінің "Россия 1" телеарнасында жүрген "Россия. Кремль. Путин" деректі фильміндегі мәлімдемесіне қатысты осылай деп жауап берген. Фильмде президент Кеңес Одағының ыдырауына түсініктеме жасай келе бұрынғы одақтық республикалаларға одақ құрамынан шығар кезде КСРО құрамына кірген кезде қанша аумағы (территориясы) болса, соншама аумақпен шықаны жөн болатындығын атап көрсеткен.

"Міне, сол кезде  (КСРО-ға қосылған республика) немен келсе, сонымен шыққан жағдайда ғана орыс халқынан сыйлық алып кетпеген болар еді" деген Путин.

Бөлісу:
Песков Ресейдің территориялық талабы жоқ екендігін мәлімдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар