Аймақтар
1 мин оқу 594

Атырауда Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Полиция қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел іс-шарасы кезінде өзбекстандық азаматты есірткімен&nbsp; қолға түсірді, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

"Бұл азаматтың уақытша тұратын мекенжайынан  есірткі заттары табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Сараптама қорытындысымен  тәркіленген есірткі заттарының салмағы 400 грамм сора  екені анықтады", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізілді. Сот  шешімімен өзбекстандық  азамат 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды.

Бөлісу:
Атырауда Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар