Әлем
1 мин оқу 670
Барселоналық театр концертіне тек өсімдіктер қатысты
<p style="text-align: justify;">Барселонадағы Лисео опера театры карантиннен кейінгі алғашқы концертін екі мың өсімдіктің алдында ойнады. Әртістер "Хризантема" миниатюрасын сахналаған, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

22 маусым күні Барселонада Лисео опера театры үш ай карантиннен кейін ашылды. Олар бірінші концертін 2 292 бөлме өсімдігіне арнады. Бір қызығы, өсімдіктер көрермен залындағы барлық орындарға қойылған.
Лисео ішекті квартеті Джакомо Пуччинидің "Хризантема" миниатюрасын ойнады. Осы қимыл арқылы театр адамдар мен табиғаттың қарым-қатынасына жаңаша көзқараспен қарауды ұсынды.
Одан кейін көрермен залында "концерт тамашалаған" барлық өсімдік дәрігерлерге тарту етіледі.
Бөлісу: