Ауғанстан президенті Елбасына тілектестік білдірді
<p style="text-align: justify;">Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі <a href="https://elbasy.kz/kk/news/2020-06/elbasy-auganstan-islam-respublikasynyn-prezidenti-ashraf-ganimen-telefon-arkyly">хабарлады</a>.</p>

Әңгімелесу барысында Ауғанстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және коронавирус сырқатынан тезірек сауығып кетуін тіледі.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Ашраф Ғани Қазақстанның Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады.
Елбасы Ауғанстан көшбасшысына жылы лебіздері үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан тарапы бастамашы болды.