Аймақтар
1 мин оқу 420
Шымкенттіктер "Халық алғысы" медалімен марапатталды
<div style="text-align: justify;">Шымкент қаласында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 10 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды. Ондықтың қатарында полицейлер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер бар.</div>

Оларды бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде өткен "BIZ BIRGEMIZ" онлайн-форумы аясында қала басшысы Мұрат Әйтенов марапаттады.
Онлайн-форум барысында қатысушылар Президенттің бейнеүндеуін тыңдады. Одан соң еліміздегі пандемиямен күрес тарихы туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар жиында қоғам белсенділері сөз алып, өз алғыстарын да жеткізді.
Бөлісу: