Аймақтар
1 мин оқу 2,590
Сарыағаш қаласындағы тоғыз дүкен өртке оранды
<p style="text-align: justify;">Бүгін таңертең Түркістан облысы Сарыағаш қаласында өрт болды. Бұл туралы ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды. </p>
Сағат 04:40-те Сарыағаштағы "Рамазан" суару каналының бойында жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрайтын тоғыз дүкен өртке оранды.
Өрт салдарынан жақын маңда тұрған "ГАЗель" маркалы автокөлігі де жанып кеткен. Өрт тек сағат 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жедел әрекет ету тобының күштері, кезекшілік жедел-тергеу тобы, жалпы 36 адам және тоғыз техника жұмылдырылды.
Бөлісу: