Жедел көмек бригадасы коронавирус жұқтырған науқастарды анықтау алгоритмімен оқытылған
<p style="text-align: justify;">Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов жедел көмек бригадаларының барлық қызметкерлері коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды анықтау алгоритмімен оқытылғанын айтты, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
"Қазіргі уақытта жедел көмек бригадаларының барлық қызметкерлері коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды анықтау алгоритмімен оқытылған, барлық қажетті медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен, жеке қорғану құралдарымен жабдықталған", - деді Б.Жүсіпов.
Сонымен қатар ол жедел көмек станциялары жанынан CALL Орталықтары құрылғанын айтты. Онда медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша білікті мамандар консультациялық көмек көрсетеді.