Елбасы
1 мин оқу 430
Айдос Үкібай Елбасының денсаулығы жайында айтты
<p style="text-align: justify;">Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қазір Елбасы өзін жақсы сезінетінін айтты, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
"БАҚ тарапынан Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауалдар келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев қазір өзін жақсы сезінеді. Оның әлі де дәрігерлердің ұсыныстарын сақтайтынын және өзін-өзі оқшаулауды жалғастыратынын айтқым келеді.
Өкінішке қарай, Тұңғыш Президент Жеңістің 75 жылдығына арналған Ресейдегі шеруге қатыса алмады. Елбасы парадты тікелей эфирде тамашалады", - деп жазды Айдос Үкібай.
Еске сала кетейік, 18 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа байланысты оқшауланды.
Бөлісу: